«Шарипов к-сіндегі Керуен-Medicus» медициналық орталығы тіркелген тұрғындарға МӘМС және ТМККК аясында медициналық көмек көрсетеді:
- Учаскелік отбасылық дәрігер мен педиатрдың бақылауы
- Жүктілікті бақылау
- МӘМС және ТМККК аясындағы операциялар
- Өмірлік маңызды дәрілермен қамтамасыз ету
- Профилактикалық екпелер
- Медициналық тексерулер (скринингтер)
МӘМС бағдарламасы бойынша тіркелу тәртібі
- egov.kz сайтына кіріп, «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдаңыз.
- «Емханаға тіркелу» бөлімін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз.
- Қаланы, ауданды және медициналық ұйымды таңдаңыз: Алматы қ., Алмалы ауданы, Керуен-Медикус.
- Тіркелу себебін (еркін таңдау, көшу) көрсетіп, дәрігерді таңдаңыз.
- Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
- Өтінім мақұлданғаннан кейін сізге SMS-хабарлама келеді.
