Миссиямыз
Тіркелген халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған қызметті отбасылық медицинаның озық әлемдік тәжірибелерін енгізу арқылы жүзеге асыру
Болашақ мақсатымыз
Заманауи және тиімді диагностикалық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастырушылық технологияларды енгізу негізінде қызмет көрсетілетін халықтың денсаулығын сақтау және нығайту.
Құндылықтар
- Командалық рух – емхана мен стационар қызметінің түпкі нәтижелері үшін ортақ жауапкершілік.
- Кәсібилік – кәсіби білімді үнемі жетілдіру және өзін-өзі дамыту бағытындағы тұрақты жұмыс.
- Жаңашылдық – адамның шығармашылық қабілеттері мен таланттарын көрсетуіне жағдай жасау.
- Тәлімгерлік – тәжірибемен бөлісу, еңбек мәдениеті мен корпоративтік құндылықтарды қалыптастыру.
- Жеке тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеу – адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу.
